"Бүлдіршін қараусыз қалды": Қарағанды балабақшасында екі жасар баланың аяғын күйік шалған

0
547

"Kiddy land" жеке балабақшасында тәрбиешілер баланы жуындырмақ болып, оны қараусыз қалдырды.


ERNUR.KZ. Қарағандыда балабақшада бала қараусыз қалып, табанын күйік шалды. Ана баланың аяғындағы күйіктерінің суретін әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады stan.kz.

"Kiddy land" жеке балабақшасында тәрбиешілер баланы жуындырмақ болып, оны қараусыз қалдырды. Соның салдарынан 2-3-ші дәрежелі термиялық күйік шалып, денесінің 4%-ы зақым алған.

"Бүлдіршін әлі де оңалту сатысында. Кінәлілерді жазалап, әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, ата-аналарға ескерту жасағымыз келеді. Бөтен адамдарға балаңызды аманаттамас бұрын қырағы және мұқият болыңыз", — деді анасы.

Қарағанды облысы бойынша ПД іс бойынша іс жүргізілгенін айтты.

"Екі жасар баланың күйік алу фактісі бойынша мектепке дейінгі мекемеде ҚР ҚК 1-бөлігінің 306-бабы “Жұмыстарды орындау немесе тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету” бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.