Бурабай демалыс аумағында сусын мен тамақ сатуға тыйым салынды

0
538

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, демалыс орнында тазалықты сақтамайтын демалушылардың барлығын бірдей жазалау мүмкін емес.


Бурабай демалыс аумағында сусын мен тамақ сатуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Бурабай демалыс аймағында тазалықты сақтау үшін сусын мен тағам өнімдерін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Ұлттық саябақ басшылығы мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, демалыс орнында тазалықты сақтамайтын демалушылардың барлығын бірдей жазалау мүмкін емес. Оның үстіне Бурабайға демалысқа келетіндердің көбі көлді қоқысқа толтырып, табиғатқа зиянын тигізеді екен. Мәселен, биыл қыста Бурабай көлдерінен үш тоннадай қоқыс жиналған. Өткен жылы сауда дүңгіршектері қойылмаған жерлер әлдеқайда таза болыпты. Сондықтан Бурабай ұлттық паркінің барлық аумағында енді сауда орындары болмайды. Демалушылар ішіп-жейтін тамақтарын өздерімен бірге алулары керек.

“Демалыс аймағы тек велосипедті жалға беруге, боди-арт үшін және кәдесыйлар сатылымына беріледі. Мұндай шешім Ұлттық парк аумағына санитарлық жүктемені азайту мақсатында қабылданды. Оған қоса, Бурабай тұрғындарының талап-тілектерін ескердік” , – деп мәлімдеді "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" директорының орынбасары Бауыржан Махметов.