Бурабай курортындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты

0
397

Ер адам 70 жастағы әйелді, оның 41 жастағы қызын және екі көршісін өлтірген.


Бурабай курортындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Ақмола облысы, Бурабай аулындағы төрт әйелдің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 2020 жылы 5 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.

Тергеу мәліметі бойынша, 28 жастағы Валентин Штырь полицияға өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргенін айтқан болатын.

Ер адам қылмыс жасаған кезінде мас күйде болған. Ол 70 жастағы әйелді, оның 41 жастағы қызын және екі көршісін өлтірген. Полицейлер ер адамды ұстады, ол ұрлық жасағаны үшін бұған дейін де бірнеше рет сотталған.

Ақмоланың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты күдіктіні кінәлі деп таныды. Судья Торқалы Бектұрсынов күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал күдікті кінәсін мойындамады.