Бурабай лагеріндегі жасөспірімнің өлімі: Министрлік түсініктеме берді

0
526

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан лагерьге барды.


Бурабай лагеріндегі жасөспірімнің өлімі: Министрлік түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі Ақмола облысының "Балдәурен" сауықтыру орталығында 14 жастағы баланың көз жұмуына қатысты түсінік берді, деп жазады stan.kz.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан лагерьге барды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама баланың қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті, оның салдары ішке қан кетуді тудырған. Құрылған комиссия жұмысын жалғастырып жатыр", – делінген министрлік ұсынған мәліметте.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін, "Балдәурен" сауықтыру орталығының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұжымы баланың туғандары мен жақынына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Еске салсақ, осыған дейін Бурабайға лагерьге барған 14 жастағы бала көз жұмғаны туралы жазған едік.