Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады

0
250

Заң жобасы туризм инфрақұрылымын салуға берілгенімен, бірақ басқа мақсатқа пайдаланылған жерлерді қайтаруды көздейді.


Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары жерді қайтарудың жеңілдетілген тәртібін қарастыратын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады sputniknews.kz.

Құжаттың бастамашылары мен әзірлеушілері Мәжіліс депутаттары болды.

Депутат Берік Оспановтың айтуынша, заң жобасының нормалары ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи, мәдени және рекреациялық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қорғауға бағытталған.

"Еліміздің экономикалық дамуы өсіп, табиғи ресурстарды пайдаланудың мүмкіндігі артып келеді.Сондықтан да бірегей табиғи ресурстарды биологиялық әртүрліліктің элементі ретінде сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр", – деді депутат.

Оспановтың пікірінше, қазір қорықтар, табиғи резерваттар, ұлттық парктер, ботаникалық бақтар, өңірлік парктер, табиғат ескерткіштері мен қорық аймақтары бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 26,2 миллион гектар немесе ел аумағының 9,6%-ін құрайды.

Заң жобасының нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Ақмола және Алматы облыстарындағы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мұндай жағдайлар бар.

Депутат берілген жерлер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кірмейтіндіктен игерілмеген және олар тиісті түрде қорғалмауы нәтижесінде олардың бірегейлігі мен құндылығы жоғалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, тіршілік ету ортасы осы аумақтар болып табылатын флора мен фаунаға зиян келтірілуі мүмкін.

Сондай-ақ, депутаттар экотуризмді дамыту мақсатында экологиялық мекемелер ұсынатын қызметтердің тізбесін кеңейтуді ұсынды. Өйткені, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай қызмет түрлері тек заң деңгейінде көрсетілуі тиіс.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет