BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды

0
2 302

Бурабай демалыс орнында жаңа көрікті нысан пайда болды.


BURABAY: демалыс орнында жаңа нысан пайда болды

ERNUR.KZ."Баға беріңіздер. Демалыс орнында BURABAY жазуы пайда болды", - деп жазды Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали Facebook парақшасында. Бұл туралы sputniknews.kz. сайты хабарлайды.

Алып әріптерді Бурабайдағы таудың етегіне орнатқан. Иғалидің айтуынша, түнде жазу жарқырап көрінеді.

Желі қолданушыларының айтуынша, дәл осындай жазу Көкшетауға да әдемі жарасып тұрды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайға сапары кезінде туризмді дамыту бағдарламасына қандай демалыс орындары енгенін хабарлаған еді.

Олар — "Бурабай", Имантау көлдері, Алакөл мен Баянауыл көлдері, Каспий жағалауы, Алматы облысындағы демалыс орындары, Түркістан, Шарын каньоны және тағы басқалары.