Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

0
802

Тергеу жүріп жатыр.


Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

ERNUR.KZ. Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.
Жұмабай Қарағаевқа қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.