Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын толық өтеді

0
517

​Бүгінде ол қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр.


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов жазасын толық өтеді

ERNUR.KZ. Оған лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған. Экс-үкімет басшысы Серік Ахметов жазасын толық өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте ол жазасын толық өтеуіне байланысты пробация есебінен шығарылды. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда 10 жылға сотталды.

Оған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену (ысырап ету), кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, лауазым өкілеттіктерін теріс пайдаланды, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деп айып тағылған. Сот экс-шенеунікті кінәлі деп тапқан. Ахметовтың ісі бойынша 21 адам тергелген. Оның 12-сі сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Экс-премьер-министрдің адвокаты Серік Ахметов Қарағанды облысының әкімі және үкімет басшысы қызметін атқарған кезде аталған облыста бюджет қаражатын ұрлауға жол берген жекелеген тұлғалардың жұмысын уақытында бақыламағаны үшін өз кінәсін мойындайтынын айтқан.

Ахметов облыстық соттың апелляциялық алқасынан өзін ақтауды сұраған. Апелляциялық шағымды қарау алдында Ахметовтың достары мен ағасы барлық сотталғандар үшін мемлекетке келтірілген материалдық залалды толық өтеген. Бірінші сатыдағы сотта басты сот талқылауында Берік Ахметов үкімет резервінің шотына 70 млн теңге, «СтальЦинк» сауда үйі» ЖШС директоры 360 млн теңге салған.

Үкімнен кейін Серік Ахметовтің достары тағы 1 млрд 825 млн теңге төлеген. Осылайша, мемлекетке келтірілген залал 2,2 млрд теңге көлемінде өтелді. Апелляциялық сот Серік Ахметовтың жазасын 10 жылдан 8 жылға дейін қысқартты.

2017 жылғы 21 қыркүйекте Ахметовке бас бостандығынан айыру жазасы шектеумен ауыстырылып, ол бостандыққа шықты.