БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңіріне қатысты қарарды бірауыздан қабылдады

0
723

БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында "Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру" қарары бірауыздан қабылданды.


БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңіріне қатысты қарарды бірауыздан қабылдады

ERNUR.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас ассамблеясы Семей өңірін оңалту туралы қарарды қабылдады, деп жазады stan.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында "Қазақстандағы Семей аймағының халқын, экологиясын және экономикалық дамуын оңалту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру" қарары бірауыздан қабылданды.

Құжатта ассамблея халықаралық қауымдастықты Қазақстанға зардап шеккен халықты емдеу мен күту бойынша арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ Семей өңірінің экономикалық өсімі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге күш салуға көмектесуге шақырды.

Сондай-ақ, БҰҰ мүше мемлекеттерді, тиісті көпжақты қаржы ұйымдарын және халықаралық қоғамдастықтың басқа да құрылымдарын "Семей өңірінің халқын, экологиясын және экономикалық дамуына" үлес қосу үшін ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың проблемалар туралы хабардарлығын арттыруға шақырды.

Айта кетейік, бұл – БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне қатысты он бірінші қарары, оның біріншісі 1997 жылы қабылданған. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 85 ел бұл резолюцияның демеушісі болды.