БҰҰ-да Ресейден Украинаға өтемақы төлеуге дауыс берілді, Қазақстан қалыс қалды

0
469

94 мемлекет қолдады, 14 делегация қарсы болды, 74 мемлекет қалыс қалды.


БҰҰ-да Ресейден Украинаға өтемақы төлеуге дауыс берілді, Қазақстан қалыс қалды

ERNUR.KZ. Украинаға Ресей келтірген шығынды өтейтін халықаралық механизм құру туралы ондаған ел ұсынған қарар жобасы дауысқа салынды, деп жазады zakon.kz.

94 мемлекет қолдады, 14 делегация қарсы болды, 74 мемлекет қалыс қалды. Қалыс қалғандардың қатарында Қазақстан да бар.

БҰҰ, Украина, Ресей, репарация


Құжат авторлары Бас ассамблея мүшелерін Ресейдің халықаралық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы, сондай-ақ ол келтірген залалдың орнын толтыруы тиіс екенін мойындауға шақырады.

Құжат халықаралық механизмді құруды көздейді, барлық мүдделі және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Украина мемлекетіне Ресей Федерациясының халықаралық құқықты бұзған әрекеті салдарынан құжатталған залал, айырылу және зиян айғақтарын тіркеу үшін халықаралық тізілім құруға кеңес берілді.

Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя қарар авторлары Ресейдің тыйым салынған активтерін Киевке қару-жарақ жеткізуді қаржыландыруға және қазірдің өзінде өткізілген қару-жарақ үшін қарыздарды өтеуге пайдаланғысы келетінін айтты.

Небензянің пікірінше, мұндай қарар БҰҰ үшін жүйелі салдарларға айналады.

Кезектен тыс сессия 1950 жылғы "Бейбітшілік үшін бірлік" қарарының негізінде қабылданған Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен өткізілді. Бұл процедура Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің кез келгенінің ветосын айналып өтуге мүмкіндік береді. Бас Ассамблеяның 11-арнайы сессиясы мүше елдердің өтініші бойынша биыл бірнеше рет жұмыс істеді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген мәселені бейбіт жолмен шешудің баламасы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді, сондай-ақ тараптарды бейбітшілік орнатуға бағытталған ымыраға келуге шақыруды жалғастырып жатыр.