​Бюджет қызметкерлеріне тегін үй берілетіні туралы ақпарат жалған - сарапшы

0
1 154

алғат Қалиевтің есептеуінше, осыны есепке алғанда аталған хат та, компания жұмысының құқықтылығы да біршама күдік тудырып отыр.


​Бюджет қызметкерлеріне тегін үй берілетіні туралы ақпарат жалған - сарапшы

ERNUR.KZ. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев бюджет саласының қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер берілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бюджет саласының қызметкерлері арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің берілетіні туралы ақпарат тарап жүр. Бастамашылар қолжетімді баға бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, «кезекке тұрғандардың» тізімін жүргізуде. Әлеуетті үміткерлердің сеніміне ие болу үшін Nurzher.kz логотипімен күдікті хаттарды ұсынады. Оның тақырыбында жақында жарияланған әлеуметтік бастамаларға жасалған сілтемемен ҚР Президент Әкімшілігінің атауы қалың шрифтпен жазылады», - деді Талғат Қалиев Telegram-арнасында.

Әлбетте, мұндай жағдайда үйге үміттілер қызығушылықтарын танытып, ұсынылған кезекке тұрады. Азаматтар ресми мемлекеттік бағдарлама аясында істің жүзеге асырылып жатқанына сеніп жүр. Алайда хаттың мазмұны мен қалпын талдау барысында бірқатар нақты сәйкессіздіктер анықталған. «Нұрлы жер» бағдарламасы (компания атағандай Нұржер емес) Бес әлеуметтік бастамадан және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бағдарламасынан тыс жүзеге асырылып жатыр. Және күмәнді хатта Президент Әкімшілігінің аталуы бекітілген нұсқадағы өзінің жеке бланкісі бар бұл органның жекеменшік компаниямен байланысын білдірмейді.

Оған қоса, Президент Әкімшілігі тек стратегиялық бақылау жүргізеді. Ал мемлекеттік бағдарламаның толыққанды жүзеге асырылуына орталық және жергілікті атқарушы органдар жауапты. Демек, оған жауапты Үкімет те, әкімдік те емес», - дейді сарапшы.

Талғат Қалиевтің есептеуінше, осыны есепке алғанда аталған хат та, компания жұмысының құқықтылығы да біршама күдік тудырып отыр. Себебі бәсекеге қабілетті бағалармен шынайы өнімді ұсына отырып, құрылыс салушыға өзінің жобаларын мемлекеттік бағдарламалармен бүркеп, билік органына күмәнді сілтемелер жасаудың қажеттігі жоқ.