Бюрабекова коронавирустан қайтыс болғандарға қатысты мәліметтерде айырмашылық барын айтты

0
646

Денсаулық сақтау министрлігі жариялайтын өлім-жітімнің ресми статистикасы өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының мәліметтерімен сәйкес келмейді.


Бюрабекова коронавирустан қайтыс болғандарға қатысты мәліметтерде айырмашылық барын айтты

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктің ресми мәліметтері әртүрлі екенін мойындады, - деп жазады тengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі жариялайтын өлім-жітімнің ресми статистикасы өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының мәліметтерімен сәйкес келмейді. Сіздің ведомствоңызда сандар бірнеше есе аз көрсетіледі. Мысалы, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша статистика", - деп сұрады журналист денсаулық сақтау министрінің орынбасарынан.

"Расында да мұндай жағдай болды, себебі біз өлім жағдайлары талдау жөніндегі комиссияның өңірлік деңгейінен өткеннен кейін ғана жариялаймыз. Комиссия осындай хаттаманы ұсынғаннан кейін ғана біз осы өлім жағдайы тіркелгені туралы хабарлаймыз. Сондықтан өңірдегі деректер министрлікке қарағанда сәл жаңалау болуы мүмкін, өйткені біз ресми түрде өлім жағдайларын талдау нәтижелері келіп түскенін күтеміз", - деп түсіндірді Людмила Бюрабекова.