Cargolux компаниясы Қазақстанға жүк тасымалдауға ниет білдірді

0
725

Қазақстан тарапы Қазақстанда Cargolux әуе рейстерін қайта іске қосу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын.


Cargolux компаниясы Қазақстанға жүк тасымалдауға ниет білдірді

ERNUR.KZ. Люксембургтің Cargolux жүк әуе компаниясы қайтадан Қазақстанға және Қазақстан арқылы ұшуға ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Люксембургтің Ресей Федерациясындағы, Беларусьтегі және Қазақстандағы елшісі Джордж Фабер Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевпен келіссөз барысында Cargolux қайтадан Қазақстан әуежайлары арқылы ұшуды, оның ішінде техникалық қонуды орындағысы келетінін айтты.

Бастапқы кезеңде жүк тасымалдаушы Еуропа мен Қытай, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияға арасындағы ұшулар кезінде жүзеге асырылатын көршілес елдерден аптасына 30-40-қа жуық техникалық қону процесін Қазақстан әуежайларына ауыстыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан тарапы Қазақстанда Cargolux әуе рейстерін қайта іске қосу үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Cargolux Airlines International S.A. (Cargolux) – 1970 жылы құрылған Люксембургтегі жүк авиакомпаниясы. Ол "Боинг 747" тектес 30 ұшақты басқаратын Еуропаның ең ірі жүк тасымалдаушысы. Әуе компаниясының штаб-пәтері мен хабы Люксембургте орналасқан.