Чехиялық компания еліміздің екі қаласында көлік құрастырады

0
392

Škoda Transportation компаниясы - машина жасау, метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары және электр пойыз бен электр автобустарды шығарумен айналысады.


Чехиялық компания еліміздің екі қаласында көлік құрастырады

ERNUR.KZ. «Kazakh Invest» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали еліміздің екі қаласында Škoda Transportation компаниясы өндірісі орнын ашатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Škoda Transportation компаниясы - машина жасау, метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары және электр пойыз бен электр автобустарды шығарумен айналысады.

Жандос Темірғали көлік саласындағы негізгі мәселенің бірі - көлік шығару екенін атап өтті.

Өндіріс орындары Алматы мен Павлодарда орналасады. Бұл жоба инвестициялардың ірі көлемі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы дегенді білдіреді. Бүгін Škoda Transportation мен СІМ арасында меморандумға қол қойылды, - деді Жандос Темірғали.

Чехиялық машина жасау компаниясы Павлодардың трамвай депосы базасында трамвай вагондарының өндірісін және Алматыда троллейбустарды құрастыру өндірісін ашуға ниетті.

Зауыттардағы өндіріс қуаты ең әуелі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жұмсалады. Болашақта өндіріс қуатын кеңейтіп, Орталық Азияның нарығына шығу мүмкіндігін көздемек,- деді “Kazakh Invest” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.