"Чемпиондықты қорғағым келмейді": Әлімханұлы мәлімдеме жасады

0
1 139

Өткен демалыста Жәнібек германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF титулын жеңіп алды.


ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі айқасын осы қыста өткізгісі келеді, деп жазады vesti.kz.

Өткен демалыста Жәнібек германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF титулын жеңіп алды.

"Барлық төрт белбеуге қол жеткізбейінше тойлай алмаймын! Маған WBC мен WBA керек! Ақпанда осыны ұйымдастырайық! Мен белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа титулдар қажет! Кез келген чемпионды нокаутқа түсіремін!", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде.