"Cириядағы соғыс Қаңтар оқиғасы сияқты басталды" – Таяу Шығыс сарапшысы

0
537

Сарапшы 2011 жылы Сириядағы қақтығыстардың қалай басталғанын айтты.


ERNUR.KZ. Астана процесі кез келген қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге болатынын көрсетті. Таяу Шығыс сарапшысы Ақмарал Баталова осылай деп мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Өкінішке қарай, Сирияда әлі де әскери базаларға шабуыл жасалады. Онымен қоса, сириялық бәдауилер мен күрдтердің арасында қақтығыс болып тұрады. Ең қиыны, елде террорлық актілер тоқтамай тұр. Бүгінгі таңда Сирия билігі бұл мәселелермен белсенді күресіп жатыр. Ең бастысы, Астана ұсынып отырған алаңда нәтиже бар. Соғыстың белсенді кезеңі тоқтатылды және мыңдаған адам аман қалды. Бұл - Астана процесінің ең маңызды нәтижелерінің бірі. Бұған біренеше тараптардың Сирия жеріне деэскалация құруының арқасында жеттік. Келісім 2017 жылы мамыр айында жасалған болатын. Тағы бір маңызды фактор бұл келісімдер - Ұлттық келісім процесіне жол ашты. Сирия кризисі кезеңінде, нақтырақ 2017 жылы Астана процесі алғашқы рет соғысып жатқан тараптардың басын бір үстелге қосты. Бір-бірімен қақтығысып жүрген Сирия билігінің делегациясы мен Сирияның қарулы оппазициялық күші маңызды келіссөздер жүргізді, - деді спикер.

Сарапшы 2011 жылы Сириядағы қақтығыстардың қалай басталғанын айтты.

Халық биліктен жаңа реформаны талап етті. Олар билікті құлатуды немесе соғысты қалаған жоқ. Бірақ бейбіт шеру біздегі Қаңтар оқиғасы сияқты көрініс тапты. Оқиғаға сыртқы күштер әсер етіп, қаржы құйды... Кейін азаматтық соғысқа ұласты. Соғыс 2018 жылдың соңына қарай бәсеңдеді, - дейді Ақмарал Баталова.

Астана процесі аймақтағы ахуалды келіссөздер арқылы шешуге болатынын көрсетті.

Бізді Түркия, Сирия және Иран секілді елдердің делегацияларының бір-бірімен сыйластығы қуантады. Әлемдегі ахуалды және жалпы жағдайды бағамдасақ, Астана процесі көпке үлгі беріп отыр. Астана процесі - кез келген келіссөздерді жүргізуге алаң ұсына алады, - деді Баталова.

Астана форматы жұмысы тоқтай ма?

Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Бұл шешім неге байланысты қабылданғанын білмеймін. Өйткені оның себебі айтылған жоқ. Меніңше, бұл бір шенеуніктің ықпалы немесе сырттағы күштердің әсерінен болды. Өйткені сол мәлімдеме жасалған кезде Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанда болмаған еді, - дейді ол.