COVID-19-дан көш бастап тұрған Атыраудың бас санитариялық дәрігері ауысты

0
192

Ол 1974 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.


COVID-19-дан көш бастап тұрған Атыраудың бас санитариялық дәрігері ауысты

ERNUR.KZ. Сәдуақас Байғабұлов Атырау облысының бас санитариялық дәрігері болып тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Сәдуақас Байғабұлов бұған дейін көліктегі бас санитариялық дәрігер қызметін атқарған.

Ол 1974 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.

1998-1999 жылдары еңбек жолын Ақмола облысындағы Ерейментау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық дәрігері болып бастаған.

Кейіннен 1999 жылы аталмыш станцияның санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің жетекшісі болды.

1999-2002 жылдары Астана қаласы әуе көлігі санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас санитариялық дәрігері қызметін атқарды.

2020 жылға дейін әртүрлі қызметте болды. Оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас маманы, аталмыш комитеттің санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы, құқықтық-ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыс басқармасының басшысы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы, ҚР Премьер-министрі Канцеляриясы әлеуметтік-экономикалық бөлім денсаулық сақтау секторының бас сарапшысы, сол сектордың жетекшісі, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы, Қарағанды облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы, Павлодар облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет