COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса екпе салынды

0
2 474

Қазақстанда жаппай вакцинациялау 2021 жылы 1 ақпанда басталды.


COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса екпе салынды

ERNUR.KZ. Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия вакцинация науқанының барысы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Сонымен, акция басталғаннан бері 28 мың 388 адамға бірінші кезеңде екпе салынды.

2-компонентпен егілгендердің жалпы саны 14 933 құрайды, делінген хабарламада.

5 наурыздағы жағдай бойынша,1 345 мұғалім мен 174 полиция қызметкері вакцинациядан өтті.

Қазақстанда жаппай вакцинациялау 2021 жылы 1 ақпанда басталды.

Қазіргі уақытта Sputnik V вакцинасы қолданылып жатыр, ол екі компоненттен тұрады. Вакцинаның екінші дозасы бірінші дозасын алғаннан кейін 21 күн өткен соң салынады.

Бұрын хабарланғандай, бірінші кезеңде медициналық қызметкерлер вакцинациялаужан өтті, екінші кезең 1 наурыздан бастап басталды, бұл жолы орта мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне, медицина қызметінің жұмысшыларына вакцина егу басталды.