​Құдалыққа келген қойлардың «памперс» киіп алғаны елді күлкіге қарық қылды (видео)

0
2 330

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде көліктің жүксалғышында «памперс» киіп алған екі қойдың жатқаны түсірілген бейнежазба тарады.

Бейнежазбада көрсетілгендей, жүксалғышта жатқан екі қойға ересектерге арналған бір реттік жаялық кигізілген. Оны көліктің иесі жүксалғыштың былғанбауы үшін жасағаны көрініп тұр.

Қойлардың бұл бейнесін көрген бейнежазба авторы шек-сілесі қата күліп тұрып түсіріп алған. «Ал, қараңдар! Қазір қойлар құдалыққа «памперспен» келетін болған. Мынаны қарасай, кигізіп қойғанын?! Памперстерін бүлдіріп қоймап па?» дейді автор күліп тұрып. Көліктің иесі болуы керек, жүксалғышты ашып тұрған жігіт «былғанбасын деген ғой» деп ақталады.

Бейнежазбаның Қазақстанның қай жерінде түсірілгені белгісіз.

Видео әлеуметтік желіден алынды