Дәнді-дақылдарды сақтандыру мерзімі сәуірдің соңына дейін ұзартылды

0
699

Сақтандыру еліміздің 8 облысындағы фермерлер үшін қолжетімді.


Дәнді-дақылдарды сақтандыру мерзімі сәуірдің соңына дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Дәнді-дақылдар үшін топырақта ылғалдың болмауынан сақтандыру бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сақтандыру полисінің құнын төмендету, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру нарығына жаңа қатысушыларды тарту және өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйақыларын субсидиялайды: мысалы, фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны субсидиялаудың көмегімен 50%-ға төмендейді.

Сақтандыру шарттарын www.qoldau.kz сайтындағы Agroinsurance ақпараттық жүйесінде жасауға болады.

Бұған дейін Аграрлық несие корпорациясы фермерлер бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс және зығыр дақылдарын сақтандыра алатынын хабарлаған болатын. Сақтандыру Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін қолжетімді.