Данэлия America's Got Talent шоуының ІІІ-турынан да сүрінбей өтті

0
511

Әнші, биші, сиқыршы, әзілкештер мен өзге де талантты адамдар өнер көрсететін "America's Got Talent" байқауының бас жүлдесі – бір миллион доллар.


Данэлия America's Got Talent шоуының ІІІ-турынан да сүрінбей өтті

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының үшінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

14 жастағы қазақстандық әнші қыз Гарри Стайлстің "Sign of the Times" (Уақыт белгісі) әнін шырқап, тағы да көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырып, үздік атанды.



Айта кетейік, бұл тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап өтіп келеді. Байқауда әнші, биші, сиқыршы, әзілкештер мен өзге де талантты адамдар өнер көрсетеді. "America's Got Talent" байқауының бас жүлдесі – бір миллион доллар. Шоудың 15-ші маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында, ал 29 мамырда Netflix UK-те көрсетіле бастады.

Қазылар алқасының құрамында жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Коуэлл, талантты актриса София Вергара, сән әлемінде танымал Хайди Клум және көрерменнің сүйікті әзілкеші Хоуи Мэндел бар.