​Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады

0
462

Жобаның ресми арнасында қазақстандықтың орындауындағы әнді 71 мыңнан астам көрермен тамашалаған.


​Данэлия Төлешова

ERNUR.KZ. Қазақстанның жас әнші қызы Данэлия Төлешованың бейнебаяны "Балалар Евровидениесі" бойынша бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды, деп жазады sputniknews.kz.

Жобаның ресми арнасында қазақстандықтың орындауындағы әнді 71 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

Данэлия Төлешова Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесіне" алғаш рет қатысып, "Өзіңе сен" әнін орындайды. Клип YouTube арнасында бір апта бұрын шыққан.

Кішкентай қыздың дауысына Польша, Болгария, Австралия, Испания және басқа елдердің тұрғындары тәнті болды.

15 жасқа толмаған жас жұлдыздар 25 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінен Беларусь еліне жиналып, "Минск Аренада" мыңдаған көрермен алдында музыкалық қабілеттерін паш етеді.

Байқаудың ұраны - "Light up!", "Жарқыра!" деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанның намысын "Голос. Дети. Украина" байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова қорғамақ. 12 жастағы әнші сөзін ақынмен бірлесе отырып жазған әнді орындайды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет