​Данелия Төлешова Рианнадан асып түсті (видео)

0
1 165

Қай планетадан боласың? Бізде бұлай ешкім айтпайды! Браво, Данелия!


​Данелия Төлешова Рианнадан асып түсті (видео)

ERNUR.KZ."Голос Дети" балалар ән байқауының жас жеңімпазы Данелия Төлешова атақты америкалық әнші Рианнаның (Rihanna) "Love on the brain" әніне өз кавер-нұсқасын жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бірінші күннен-ақ YouTube видеохостингінде 8 мың қаралымға дейін жетсе, орындаушының Instagram парақшасында 37 мың қаралымға дейін жеткен.

Пікір жазушылар 11 жастағы қыздың даусына тамсанып, көптеген пікір қалдырып жатты.

"Қай планетадан боласың? Бізде бұлай ешкім айтпайды! Браво, Данелия!", - деп жазды YouTube қолданушыларының бірі.

"50 жасымнан бері Данелиядай ең талантты, ең әдемі дауыс естіп көрмегем!", - деп таңырқай жазды Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысы.