Даниал Ахметов 45 отбасыға пәтер кілтін табыстады

0
1 335

Үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға Қарағайлы шағын ауданын үй берілді.


Даниал Ахметов 45 отбасыға пәтер кілтін табыстады

Қарқынды құрылыс алаңына айналған Қарағайлы ауданында бүгіннің өзінде 14 үй салынып біткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы жылдың ішінде елбасының көпбалалы аналарға пәтер беру тапсырмасы негізінде Қарағайлы ауданынан облыс әкімі 45 отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Қарағайлы шағын ауданы инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген. Балабақша мен мектеп те бар. Балалардың қоғамдық өмірге байланысу мақсатында «Абай Арена» мәдени-спорт кешені салынып жатыр.

15 жыл кезекте тұрған көпбалалы ана Ақшалова Жұпархан апайдың отбасының қуанышында шек жоқ.

- Алты баланың анасымын. Елбасымыздың көпбалалы аналарға үй бергеніне алғысымды білдіремін. Берілген үй отбасыларға қайырлы болсын. Көмек көрсетіп, қол ұшын созып жатқандарына қуаныштымыз, - дейді Ақшалова Жұпархан.

Ал, бүгін бұл 9 қабатты үйге көпбалалы аналар қоныстанды.
ШҚО бойынша жалпы 200 көпбалалы анаға пәтер беріледі. Екінші жартыжылдықта 179 мын шаршы метрге жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталып, алдағы уақытта мәселе екі есеге оңай шешімін таппақ.