Даниал Ахметов коронавирусқа байланысты тұрғындарға үндеу жасады

0
708

3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында қоғамдық іс-шаралар тоқтатылған.


Даниал Ахметов коронавирусқа байланысты тұрғындарға үндеу жасады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирусқа байланысты облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында қоғамдық іс-шаралар тоқтатылғанын айтып өтті.

"Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!", - деп жазды облыс әкімі.

Оның айтуынша, жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданды. Тез арада 500 мың дана маска шығарамыз деген сенімдемін деді облыс әкімі.