"Дарақылық": Отандық журналист тойханаға жылқы кіргізгендерді сынға алды (видео)

0
1 618

Жылқыға обал болған.


ERNUR.KZ. Қазақстандық тележурналист Жарас Ниязбек тойханаға жылқы кіргізген жұртты сынның астына алды. Ол кей қазақтың "дарақылығына" ренжулі деп жазады kaz.nur.kz.

Тілші видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

"Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?",- деп жазған парақшасында.

Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.

Бейнежазбаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер жазып қалдырған.

"Аяғы сырғанап жатыр ғой", "Байғұс жылқы-ай", "Жылқыны солай қинаған обал", "Әйтеуір біздің қазақ мақтанудан, ысырапшылдықтан жалықпас", "Қайтеміз енді, обал-ақ" - деп жазады оқырмандар.