Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы директорының аяғына "тұсау-браслет" тағылды

0
636

Бұл туралы елордалық сыбайлас жемқорлыққа қызмет департаменті хабарлады.


Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы директорының аяғына

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының директоры Ерік Байжүнісовке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығы" РМК-нің бас директоры Е.Байжүнісовке қатысты бірнеше мәрте пара алу күдігіне байланысты "үйқамаққа алу" түрінде профилактикалық шара таңдалып, жаңа технология - электронды бақылау құралы (браслет) қолданылды, - делінген ресми сауалға елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің берген жауабында.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын анықтау үшін жан-жақты, толыққанды және объективті бағытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпараттар тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні де айтылды. Істің соңғы шешімін сот шығарады.

Ерік Байжүнісов Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығын 2020 жылдың 4 тамызынан бастап басқарады.

21 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінгені үшін электронды қадағалау құралдары - "тұсау браслеттерді" тағу тәжірибесі енгізілгенін хабарлады. Ол бұлтартпау шаралары таңдалған тұлғаға тағылатыны да айтылды. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде бұл тәжірибе алғаш рет Қарағандыда қолданылды.