"Дәрі ішіп алған": 26 жастағы алматылық әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кетті

0
670

Алматыдағы үш баласымен бірге секіріп кеткен Жетісу-1 шағын ауданында тағы бір оқиға орын алды.


ERNUR.KZ. Бұл жолы 26 жастағы әйел дәрі ішіп алып, 5-қабаттан секіріп кеткен, деп жазады Stan.kz.

Алматы полициясы 1995 жылы туған әйелге қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады.

Өмірімен қоштасу үшін әйел алдымен дәрі ішіп алған. Ол өзін уландырғаннан кейін пәтердің 5-қабаттағы терезесінен секіріп кеткен.

Әйелдің өзін-өзі өлтірмек болғанының алдын ала себебі жұбайымен ажырасуы болуы мүмкін. Басқа деректер анықталып жатыр. Тергеу ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша жүргізілуде.

5-қабаттан құлағаннан кейін оның тірі қалғаны анықталды. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы оның жағдайы жөнінде пікір білдірді.

"Жағдайы ауыр. Есін біледі. Қарқынды терапия анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жалғасуда", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап, 12-қабаттан секірген еді.

Бұған дейін "Жетісу" ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен 3 баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.