Дәрігер коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандарға сары май қосылған жылы сүт ішуді ұсынды

0
2 079

Коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандар аскорбин қышқылы бар сұйықтықты жиі ішу керек.


Дәрігер коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандарға сары май қосылған жылы сүт ішуді ұсынды

ERNUR.KZ. Алматылық дәрігерлер коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандарға морс пен май араласқан жылы сүт ішуді ұсынды, - деп жазады tengrinews.kz.

Инфекционист дәрігер Шолпан Әуелбекованың сөзінше, коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандар аскорбин қышқылы бар сұйықтықты жиі ішу керек.

Маманның айтуынша, жиі су ішіп, жұтқыншақты әр екі сағат сайын шайқау керек. Сонымен қатар, үй жағдайында жасайтын халық медицинасы да инфекцияның симптомдарын азайтуға септігін тигізеді.

"Компот, жидектерден жасалған морс ішуге болады. Жылы сүтке сары май не қойдың майын қосып ішуге болады. Ол тамақтың құрғауы мен қышуын тоқтатады", - дейді маман.