Дәрігерлер Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіттің жағдайын айтты

0
404

Оқиға "Сити Молл" сауда орталығында болған.


Дәрігерлер Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіттің жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде эскалатор баспалдағынан құлаған ер адамның жағдайын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға "Сити Молл" сауда орталығында болған. Белгісіз ер адам эскалатордан түсіп келе жатқан жігітті себепсіз арқасынан тепкен. Оқиғаның видеосы бір күн бұрын әлеуметтік желіде пайда болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайына қатысты пікір білдірді. Ер адам дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

"Эскалатордан құлаған ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.