Дәрігерлер мен полицейлерге өртенген көліктердің орнына жаңасы беріледі

0
528

​Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ең көп жедел жәрдем мен патрульдік автокөліктер зардап шекті.


Дәрігерлер мен полицейлерге өртенген көліктердің орнына жаңасы беріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанның автопаркі жаңа жәдел жәрдем көліктерімен және патрульдік автокөліктермен толығады, деп жазады sputnik.kz.

Мәселен, Astana Group компаниясы Алматыға С санаттағы жаңа он Hyundai H350 Ambulance реанимобилін береді.

ел жәрдем көліктері дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен және электрокардиографтармен жабдықталған

Көліктер дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен, электрокардиографтармен, басқа да неміс және италиялық жабдықпен жарақтандырылған.

Индустрия министрлігі хабарлағандай, полицейлерге де жаңа автокөліктер беріле бастады. Бірақ, тегін емес – 10% жеңілдікпен және төлемді кейінге қалдыру шартымен.

Kolesa.kz сайтының ақпаратынша, алматылық полицияға арналған жаңа көліктердің арасында жүздеген Chevrolet Equinox RS кроссовері бар. Мұндай көліктер бөлшек саудада 16 миллион теңгеге бағаланады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Елдегі бүліктен ең қатты Алматы қаласы зардап шекті. Бүлінген көліктердің арасында жедел жәрдем кареталары мен патрульдік автокөліктер бар.