Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртемек болған әйелдің қазіргі жағдайын айтты

0
491

11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген болатын.


Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда өзін-өзі өртемек болған әйелдің қазіргі жағдайын айтты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы тұрақталды. Бұл туралы елорданың денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

Әйелдің жағдайы тұрақтанған. Ол комбустиология бөлімінде стационарлық ем алып жатыр, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, 11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Нұр-Сұлтанда Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген болатын.

Сәуірдің 13-і күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.