Дәрігерлерге үстемеақы төлеуге қосымша 150 млрд теңге бөлінеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

0
512

Президент денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін айтты.


Дәрігерлерге үстемеақы төлеуге қосымша 150 млрд теңге бөлінеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Медицина мамандарына үстемеақы төлеуге екінші жартыжылдықта қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

«Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді», - деп жазды Мемлекет басшысы.