Дариға Назарбаева денсаулық жағдайына байланысты демалыста - көмекші

0
533

Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.


Дариға Назарбаева денсаулық жағдайына байланысты демалыста - көмекші

ERNUR.KZ. Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда", - деді Жанна Ермекова.

Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.

Бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.