Дариға Назарбаеваның президент сайлауына түсуге құқығы бар – ОСК

0
420

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізілетінін жариялады.


Дариға Назарбаеваның президент сайлауына түсуге құқығы бар – ОСК

ERNUR.KZ. Сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаева президент болуға өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да осындай құқығы бар екенін нақтылады.

"Әрине, мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев та ұсына алады. Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өз кандидатурасын ұсына алады", – деді Өтемісов журналистердің сұрақтарына жауап ретінде.

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізілетінін жариялады. Олар 2022 жылдың күзінде өтеді, бірақ әлі нақты күн белгіленген жоқ.