Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің құны белгіленген шектік бағадан да төмен болуы мүмкін

0
1 413

Денсаулық сақтау министрлігі зауыт белгілеген бағадан бастап дистрибьютор қойған үстеме бағаны және дәрінің дәріханаға түскендегі құнына дейін қатаң бақылайды.


Дәріханалардағы дәрі-дәрмектің құны белгіленген шектік бағадан да төмен болуы мүмкін

ҚР Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмектің бөлшек және көтерме саудадағы шекті бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп жазады ERNUR.KZ.

Құжат бойынша, еліміздегі дәріханаларда препараттардың құны белгіленген шекті бағағадан төмен болуы мүмкін, бірақ қымбаттамайды. Әр дәрінің бағасы жеке-жеке бөлек жазылған.

Бүгінде Қазақстанда 6,5 мыңнан астам дәріхана және бір мыңнан астам дистрибьютор тіркелген. Қалаларда дәріхана жеткілікті, бірақ ауылды жерлерде әлі де тапшылық бар (дәріхананың – 66 % қалаларда, 34 % ауылда). ЭЫДҰ елдерінде дәріхананың орташа саны 100 мың тұрғынға шаққанда 25, ал Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 37 дәріханадан келеді, бұл ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткішінен 48% жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі зауыт белгілеген бағадан бастап дистрибьютор қойған үстеме бағаны және дәрінің дәріханаға түскендегі құнына дейін қатаң бақылайды. Нәтижесінде көрші орналасқан екі дәріхана екі түрлі баға қоя алмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Еуропа және ЕАЭО елдерінің үстеме бағаны реттеу тәжірибесін зерттеген.

Ведомствоның талабы бойынша, үстеме баға регрессивті шкала негізінде белгіленеді.

Дәрілік заттардың бағасы өндіруші кәсіпорынның, көтерме, бөлшек сауда деңгейінде, сондай-ақ, ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сатып алынатын дәрі-дәрмекке қарай реттеледі.

Өндіруші бағаны үстеме бағаның регриссивті шкаласы арқылы дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудада арасындағы маржаны реттей отырып, референтті елдердегі (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Греция, Латвия, Литва, Ресей, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Хорватия, Чехия, Эстония) дәрілердің бағасын талдап, отандық және шетелдік өндірушілер мен олардың өкілдерінің өтініштері негізінде тіркейді.

Биыл сәуірде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен және фармацевтика саласының өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтардың талқылануымен және мемлекеттік органдардың келісімімен Дәрілік заттардың бағасын реттеу тәртібі бекітілді.

Өтініш берушілерге барынша ыңғайлы болу үшін жүйе толығымен автоматтандырылды, соның арқасында келісім жүргізудің қажеті жоқ. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу үшін берілетін өтініш – бұл ЕАЭО және ЭЫДҰ елдерімен референтті (салыстырмалы) бағаны қалыптастыру және препараттарды Қазақстанға жеткізуге кеткен шығынды есепке ала отырып, саудалық атауына арналған шекті бағаларды автоматты түрде тіркеуге негізделген процесс. Өндіруші зауыттың шекті бағасы тіркегеннен кейін жүйе үстеме бағаның мөлшерін автоматты түрде анықтайды және баға Министрліктің сайтына салынады.

Сондай-ақ, жақында Dari.кz мобильді қосымшасында «Шекті баға» опциясы ашылады. Азаматтар сол жерде дәрі-дәрмектің бағасын қадағалай алады, ал препараттардың құнынан айырмашылық байқаса, егер ол Қазақстанда бекітілген шекті бағадан асып кетсе, шағым қалдыруға болады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты

Бөлісу