Дәрілік заттарды заңсыз сатқан 21 адам ұсталды

0
877

Еліміздің барлық өңірлерінде рейд жүргізілді.


Дәрілік заттарды заңсыз сатқан 21 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Еліміздің барлық өңірлерінде дәрілік заттардың заңсыз саудасының алдын алуға бағытталған рейд барысында 21 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


Ведомство мәліметінше, 5 шілде күні карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау үшін еліміздің барлық өңірлерінде рейд жүргізілген.


«Рейдтік іс-шаралардың бірінші күні полицияға барлығы 21 адам жеткізілді. Олардан 3500-ден астам дәрілік заттар тәркіленді. Оның ішінде 2100 орама «Ацетилсалицил қышқылы«, 589 орама «Парацетамол«, 230 ампула «Цефтриаксон« бар. Сондай-ақ 17 800 медициналық маска, бір рет қолданылатын 60 қолғап, 105 қорғаныс халаты (комбинезондар), 80 қорғаныс көзілдірігі, 79 термометр және 100-ден астам антисептикалық құралдар (300 литр) тәркіленді», - депа тап өтеді министрліктен.


Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.


«Ішкі істер министрлігі дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған азаматтарды, сондай-ақ мұндай фактілер анықталған жағдайда жақын жердегі аумақтық полиция бөлімшелеріне немесе 102 және 112 телефондары арқылы хабарлауға шақырады. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.