Дарxан Кәлетаев қоғамдық ұйымдарды қайта тіркеуден өткізуді ұсынды

0
1 152

Министрдің айтуынша, соңғы он жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны үш есеге артып, 20 мыңға дейін жетті.


Дарxан Кәлетаев қоғамдық ұйымдарды қайта тіркеуден өткізуді ұсынды

фото: liter.kz

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дарxан Кәлетаевтың ақпараты бойынша елімізде үкіметтік емес ұйымдардың саны 20 мыңға жетті. Алайда нақты жұмыс істеп жатқаны жартысына да жетпейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, соңғы он жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың саны үш есеге артып, 20 мыңға дейін жетті. Осы уақыттың ішінде әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі де 13 есеге өсті. Биыл мемлекеттік тапсырыс 19 млрд теңгеден асып отыр.

«Меніңше, бұл - өте көп қаржы. Енді қараңыз, республикада 20 мың үкіметтік емес ұйым тіркелді дедік қой, бірақ нақты қанша ұйым жұмыс істеп жатыр? Министрліктің ақпаратына сәйкес, гранттарды алу үшін тек 4,5 ұйым ғана тіркеуден өтті. Әділет министрлігі мен Қаржы министрлігі ұсынған мәлімет бойынша 10 мыңнан астамы қаржылай есеп беріп отырады. Ендігі мәселе, қоғамдық ұйымдарды қайта тіркеуден өткізу керек пе? Ондай шара қоғамды дүрліктіруі мүмкін. Дегенмен, аталған шара қажет деп ойлаймын. Бүгінгі алаңды пайдаланы отырып, осы мәселені үкіметтік емес ұйымдарлың талқылауына шығарғым келіп отыр. Осы мәселені қалай шешеміз? Қоғамдық ұйым өкілдері өздері айтсын», - дейді Д.Кәлетаев бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте.

Айта кетейік, кеңес отырысы кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның негізгі міндетіне тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз партияны жаңарту жұмысын бастадық. Негізгі мақсат - «Нұр Отанды» заман талабына сай креативті партияға айналдыру. Ондай партия xалық үшін, xалық арасында жұмыс істеп, елдің қолдауына ие болуы шарт. Осы орайда біз партия жұмысындағы бюрократияны жойып, барынша ашық болуды қалаймыз. Партия басшылығының есігі қарапайым қызметкерлерге де, xалыққа да әрдайым ашық болуы қажет», - деді М.Әшімбаев.