"Дастархан киіп алған ба?" - Әнші жігіттің тойда киген костюмі елге жақпай қалды

0
1 917

Әншінің тойында киген гүлді костюміне көпшілік сын айтты


ERNUR.KZ. Отандық жас әнші үйлену тойына ерекше образбен шығып, көпшілікке жақпай қалды. Бұл жолы әнші гүлді костюм мен тюфли кигені үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп жазады. NUR.KZ.

Еліміздегі шоу-бизнестің ең жас өкілдерінің бірі Ғани Біржан жақында шаңырақ көтерген болатын. Жас әнші үйлену тойына ерекше образбен шығып, көпшілікті таң қалдырды. Ол өміріндегі көптен күткен мерекеге арнайы гүлді костюм мен туфли киген.


Алайда жас әншінің бұл образы көпшілікке жақпай қалды. Желі қолданушылары оған түрлі пікірлерін жазып, әншінің тойдағы суреті желіде тарап кеткен.

Өзін қызтекеге теңеп, жағымсыз пікірін білдіргендерге Ғани да үнсіз қала алмай, өз жауабын берді.

«Аллаға шүкір үйлену той ойымнан шықты. Өзім қалағандай етіп өткіздім. Ағайын- туыс, бауырларыма, достарыма мың алғыс. Ендігі инстажеліде әңгіме болып жатқан менің костюм-шалбарым екен. Жамандап жатқандар көп екен. Не киіп алған, қыз теке, тағысын тағы... Бұл менің жеке басым және мен өзім білем, нені киемін, нені кимеймін. Аллаға шүкір бұл киімді киіп қыз теке немесе тағы басқаға айналып кеткен жоқпын .

Менен басқада жиіркенішті нәрселер болып жатыр емес па. Соларға барып ақылдарыңды айтыңдар. Өз ақылым өзіме жетеді шүкір. Сендерге ұнамай қалды екен деп кимей кетпим. До конца кием ғой.

Ей адамдар не деседе о десін», - деп жауап берді (ред. - автордың жазу стилі сақталған).

Ал желі қолданушылары болса әншінің костюміне: «Ужас. Сөз жоқ», «Дастархан киіп алған ба», «Не мынау, қатын ұқсап», «Масқара», - деген сынды пікірлерін жаудырды.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет