Дәулет Мәмеков "Қазавиақұтқару" АҚ бас директоры болып тағайындалды

0
391

Дәулет Мәмеков 1976 жылы 24 тамызда дүниеге келген.


Дәулет Мәмеков

ERNUR.KZ. Дәулет Мәмеков Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазавиақұтқару"АҚ бас директоры қызметіне тағайындалды, деп жазады zakon.kz.

Дәулет Мәмеков 1976 жылы 24 тамызда дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Ол "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ экономика және даму жөніндегі вице-президенті, "Airport Management Group" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасарын, "Еуро-Азия Эйр" АҚ президенті, "Aviation Support" ЖШС негізін қалаушы және бірінші директоры қызметтерін атқарған.