Декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма: Министр жауап берді

0
2 719

Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандар санатына жата ма?


Декретте отырғандар 42 500 теңге ала ма: Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов декретте отырған әйелдер 42 500 теңге ала ма деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп жазады NUR.KZ.

Онлайн брифинг кезінде министрге БАҚ өкілдері тарапынан "Декретте отырған келіншектер төтенше жағдайда табысынан айырылғандар санатына жата ма? Олар үшін 42 500 теңгені алу мүмкіндігі қарастырылған ба?", деген сұрақтар қойылған.

Өз кезегінде Біржан Нұрымбетов ондай азаматтар 42 500 теңгенің жәрдемақысын ала алмайтынын жеткізді.

"42 500 теңге бұған дейін ресми және бейресми жұмыс істеп, табысынан айырылған азаматтарға ғана беріледі. Сол себепті декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда ондай отбасыда табысынан айырылған адамдар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады", - деді Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, елімізде төтенше жағдайда табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін осы төлем ресми жұмыс істегендерге беріледі десе, кеше президент бейресми қызмет еткендерге де таратуды тапсырды.