«Дельта» тағы 15 елде анықталды

0
763

​SARS-COV-2 мутацияланған «дельта» штамы бүкіл әлемге таралып жатыр.


«Дельта» тағы 15 елде анықталды

ERNUR.KZ. Вирустың бұл модификациясы тағы 15 елде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар, Швецияның Уппсала қаласында қосымша мутациясы бар жаңа «дельта» штамы тарала бастады. Пандемия басталғаннан бері «Дельта» инфекциясы 163 мемлекетте тіркелді, «альфа» штамы - 192 елде, «бета» нұсқасы - 141 мемлекетте, «гамма» түрі - 86 елде расталды.

Жапония үкіметі коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеу ережелерін қатаңдатуға мәжбүр, елдің тағы сегіз аймағында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл шектеулер қосымша Хиросима, Хоккайдо, Мияги, Айчи, Гифу, Мие, Окаяма және Сига префектураларын қамтиды.

Аталған аумақтарда төтенше жағдай 27 тамыздан бастап енгізіледі және 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Шектеу шаралары Жапонияның 47 префектурасының 21-іне таралады.