Демалыс күндері -33 градус аяз болады

0
524

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанып отыр.


Демалыс күндері -33 градус аяз болады

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады baq.kz.

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанып отыр. Жжауын-шашынды болып, солтүстік өңірлерде қар жауып, көктайғақ болып, тұман басады, екпінді жел соғып, бұрқасындатады.

Батыста температура: түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз, күндіз 13 аяз — 3 жылы болады.

Солтүстік-батыста болса — түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін аяз, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз болады.

Ал солтүстікте ауа температурасы түнде 20-33 аяз, күндіз 10-26-дан 5-15-ке дейін аяз болады.

Орталық пен шығысқа келсек, мұнда ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр: солтүстік-шығыста түнде 5-15-тен 10-25-ке дейін аяз, күндіз 2-11-ден 5-20-ға дейін аяз, оңтүстікте түнде 15 аяз, 3 жылыдан 3-20 аязға дейін, күндіз 8 аяз — 12 жылы, 10 аяз — 3 жылу аралығында, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 5 аяз — 3 жылудан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылудан 0-10 аязға дейін болады.