Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

0
593


Демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Zakon.kz.


"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

"Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі"."Қазгидромет" РМК



Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.

7 қазанда солтүстікте кей жерлерде 1 градусқа дейін үсік сақталады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.