Демалыстағы келеңсіз жайттан кейін «Хан шатырдағы» пальмалар алынып тасталды

0
1 407

Пальма секілді ұзын ағаштардың орнына түрлі өсімдіктер әкелінген.


Демалыстағы келеңсіз жайттан кейін «Хан шатырдағы» пальмалар алынып тасталды

ERNUR.KZ. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Хан шатырдағы» пальма ағашы әйелдің үстіне құлап, омыртқасын сындырған болатын. Осы оқиғадан кейін барлық пальма ағашы сауда орталығынан алынып тасталған деп жазады nur.kz.

Пальма секілді ұзын ағаштар тек 1-қабатта ғана қалған. Жоғарғы қабаттарға безендіру мақсатында түрлі өсімдіктер әкелінген.

Еске сала кетейік, 9 наурыз күні «Хан шатыр» сауда орталығында эскалатормен көтеріліп бара жатқан әйелдің үстіне пальма ағашы құлап, омыртқасын сындырған болатын. Кейін "Хан Шатыр" әкімшілігі үстіне пальма құлап кеткен әйелге материалдық көмек көрсететін болды.