Дене шынықтыру пәнін алып тастай ма – вице-министр жауабы

0
2 081

​Вице-министр жоғары орындарына академиялық дербестік берілгенін ерекше атап өтті. Олар өздігімен шешім қабылдай алады.


Дене шынықтыру пәнін алып тастай ма – вице-министр жауабы

ERNUR.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жоғары оқу орындарында дене шынықтыру пәні алып тасталады деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Заң бойынша дене шынықтыру пәні мектептерде үш сағаттан, ал жоғары оқу орындары мен колледждерде төрт сағаттан оқыту қарастырылған. Сондықтан бүгінде дене шынықтыру пәнін алып тастау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ", - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда вице-министр жоғары орындарына академиялық дербестік берілгенін ерекше атап өтті. Олар өздігімен шешім қабылдай алады.


"Жоғары орындарына академиялық дербестік берілген. Оны бәрі біледі. Оған сәйкес, әрбір жоғары оқу орны белгілі бір пәнге байланысты тиісті шешімді өздері дербес қабылдай алады", - деп атап көрсетті Қаринова.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет