Дене температурасын түсіретін және қанды сұйылтатын дәрілер тегін беріледі

0
1 889

Емхана жанынан құрылған мобильді топ науқастардың үйіне барып қызмет көрсетеді.


Дене температурасын түсіретін және қанды сұйылтатын дәрілер тегін беріледі

Дене температурасын түсіретін және қанды сұйылтатын дәрілер тегін беріледі. Емхана жанынан құрылған мобильді топ науқастардың үйіне барып қызмет көрсетеді. Дәрі-дәрмектерді апарып береді. Кейін бейне байланыс арқылы науқастың жағдайын қадағалап тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаева онлайн брифингтегі сөзінде айтты.
"Мобильді топ құрамында фельдшер, жалпы тәжірибелік дәрігер және психолог бар. Ал, созылмалы ауруы бар науқастар болса оларда короновирус жұқпасы ауыр өтетіндігі алдын ала қаралып, арнайы комиссия құрылады. Науқастың ауруының күрделілігіне қарай ем тағайындалады, қажет болса ауруханаға жеткізіледі. Науқастың дене температурасы жоғарылап, құсу, іші ауыру белгісі болса, ең алдымен температура түсіретін дәрі ұсынылады. Екінші кезекте қанды сұйылтатын дәрі, одан кейін науқаста бактериалдық пневмония байқалса алгоритм бойынша антибиотиктер тағайындалады" деді Клара Жасақбаева.

Айта кетейік, COVID-19 жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрілердің қатарында парацетамол, ибуфен, аспирин, прадакса препараттары бар.