Денис Тенді өлтіру ісі: Сот Толыбаеваның неге ерте босағанын түсіндірді

0
322


Денис Тенді өлтіру ісі: Сот Толыбаеваның неге ерте босағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Алматы облыстық соты Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталған Жанар Толыбаева не себепті колониядан шыққанын түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Сот мәліметінше, Толыбаева жаза мерзімінің аяқталуына байланысты түрмеден босатылған. Айта кетейік, оған жаза 2018 жылдың шілдесінен бастап есептелген. Төрт жылға бас бостандығынан айырылғанын ескерсек, Жанар Толыбаева 2022 жылдың шілдесінде ғана бостандыққа шығуы керек болған.

Дегенмен, тергеу изоляторында бір күн болу қауіпсіздігі орташа колониядағы екі тәулікке тең екенін ескерген жөн. Толыбаева алты ай тергеу изоляторында отырғандықтан, ол түрмеден жарты жыл бұрын босатылған.

Сот Жанар Толыбаева 2019 жылы қаңтарда сотталғанын және Қапшағайдағы орташа қауіпсіздік колониясына орналастырылғанын еске салды. Тура бір жылдан кейін ол бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды немесе оны жазаның жеңіл түрімен ауыстыруды сұраған. 2020 жылдың қаңтарында сот оның өтінішін қанағаттандырып, өтелмеген мерзімді (екі жыл, алты ай, 14 күн) бас бостандығын шектеуге ауыстырған. Кейін Жанар Толыбаева босатылған.

"Осы шешімді шығарған кезде сот мынадай дәлелдерге сүйенді:
  • сотталушының тәртіптік талаптарды сақтауы;
  • оқу қызметіндегі және әлеуметтік-құқықтық зерттеулердегі белсенділік;
  • мекеменің ауласын абаттандыруға белсенді қатысу;
  • еңбегі және мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін мекеме басшысының Алғыс хатымен марапатталуы", - деді сот өкілдері.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапқан болатын. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталушыларға үкім шығарған.

Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталған. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді.

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылған. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болған. Ол екінші баласын түрмеде босанған еді. 4 сәуірде бостандыққа шыққан болатын.