​Денис Тенге кімнің шабуылдағаны анықталды

0
1 516

Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды


​Денис Тенге кімнің шабуылдағаны анықталды

ERNUR.KZ. Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Оқиға 17 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған.

"Тен Денис Юрьевич көлігінен айна ұрлап жатқан анықталмаған екі адамның үстінен түскен. Жанжал барысында Денис Тенге пышақ жарақаты тиген. Осы дерек бойынша тергеу басталып, күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Мұнымен қатар, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы жайлы мәлімет берді.

"2018 жылдың 19 шілдесінде Жедел жәрдем станциясының пультіне сағат 14.56-да пышақ жарақатын алған адамға байланысты шақырту түсті, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл түрде аттанды. Науқас Денис Тен жедел жәрдем көлігімен Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді, алдын ала диагноз - "Оң жақ жоғарғы үшінші санының жарақаты. Сан тамырларының жарақаты. Қан жоғалту", - делінген хабарламада.

Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды, шұғыл түрде жансақтау шаралары басталып, жансақтау шараларымен қатар науқасқа барлық қажетті мамандардың қатысуымен шұғыл ем жасалып жатқаны айтылады.