​Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті екі полицей көрген болуы мүмкін - Адвокат

0
1 069

Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті көрді деген екі полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

​Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті екі полицей көрген болуы мүмкін - Адвокат

ERNUR.KZ. Денис Теннің көлігінен айна ұрланған сәтті көрді деген екі полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Нұрлан Үстеміров айтты.

"Полицейлер көлікте отырған көрінеді. Олардың отырған жеріне қарайтын болсақ, онда барлығы көрініп тұрды. Меніңше, полицейлер айна ұрланған сәтті көрді. Олар сотқа шақырылады, куәгерлер ретінде", - деді адвокат Үстеміров.

Адвокат ешқандай шаралар қабылданбағандықтан, қылмыстық іс қозғалып, оның Ұлттық бюрода тергеліп жатқанын айтып өтті.

"Күдіктілер берген жауаптарында шатасып жатыр. Арман Құдайбергенов бастапқыда өзі ұрғанын айтты. Кейін оның Денис Тен екенін білген соң Қиясов ұрғанын айтты. Санына 90 градустан пышақ салынған. Қиясов артында қалайша пышақ сала алады? Алдында тұрған адам ғана соққы жасай алады. Қиясов не үшін өзі ұрғанын мойындап отыр? Оның өзінен сұрау керек", - деді Үстеміров.

Ал күдікті Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сәриев сотталушысының жүктіліктің жетінші айында екенін айтты.

"Толыбаева Арман Құдайбергеновпен өзінің таныс қызы арқылы танысқан. Жанардың жағдайына байланысты біз үй қамауына алу туралы өтініш білдірдік, алайда сот бас тартты", - деді адвокат.